Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вьетнам инженері салмағы үш мың тонналық тұтас ғимаратты жылжытпақ

Вьетнамдағы Даклак провинциясындағы жұмысшылар ғимаратты бұзбай-ақ бұрынғы орнынан 10 метрге жылжытты.

321

Сурет lenta.ru

Тарихи ғимараттың салмағы үш мың тоннаға жетеді. Оны бұдан әрі 70 метрге жылжытып, 90 градусқа бұрмақ. Ғимаратты бұзбай-ақ орнынан жылжыту жобасын инженер До Куок Кхань жасады. Отандастары оны данышпан деп санайды.

Үйді жылжыту үдерісіне барлығы 30 адам және 300 тонналық жабдық жұмылдырылған. Екіқабатты ғимарат бұдан 223 жыл бұрын салыныпты. Оның ұзындығы 58 метр, ені – 26 метр. Бұл жылжымайтын мүлік Даклак провинциясының әскери қолбасшылығына тиесілі екен.

Оқшау тұрғын үйді күніне 10 метрге жылжыту көзделіп отыр. Жұмыстағы үзіліс кезінде көшіруден болған бұзылуды жөнге келтіру және дер кезінде жабдықтарын ауыстыру жүргізіледі. До Куок Кхань ғимарат конструкциясының тұтастығын сақтап қалуға уәде берді.

Ғимаратты басқа жерге бұзбастан көшіру 20 күннің ішінде аяқталмақшы.

Алғаш рет ғимаратты тұтастай орнынан жылжытуды Мәскеу Кремліндегі Успен соборын салған итальяндық сәулетші және инженер Аристотель Фиораванти XV ғасырда жүзеге асырыпты. Сол кезде шіркеудің 24 метрлік қоңырау тұратын бөлігі 13 метрге орнынан жылжытылған көрінеді.

Талқылау