Вера Брежнева қызымен жиі келіспей қалатынын мойындады

Жұма, 25 Наурыз , 2016 13:51

Соня Киперман өзінің анасы Вера Брежнева мен продюсер Константин Меладзенің үйлену тойы жайында өз ойымен бөлісті.

Brezhneva1

Сурет telegraf.com.ua

Бұл туралы dni.ru сайты хабарлайды.

Вера Бреженваның қызының жасы небәрі 14-те болғанына қарамастан, ол шоу-бизнес әлемін таңқалдыруға ниетті. Былтырғы жылы ол Tatler журналының балында көзге түссе, жақында сән модельі ретінде өзін көрсете бастады. Әйтсе де ол өзін әлі қалыптасқан тұлға ретінде сезіне алмайды. “Мен сондай толқыдым. Қазір көпшіліктің алдына шығатынымды ойласам, жүрегім ытқып шығып кететіндей болады”, – деп сұхбат берген болатын.

Былтырғы жылы Вера Брежнева мен Константин Меладзе үйленген болатын. Неке қию рәсімі италиялық Форте-Дай-Мармиде өткен. Тіпті салтанатты шараға қаланың мэрі Умберто Буратти де қатысқан. Бірақ, Брежневаның қызы салтанатты рәсімге қатысқан жоқ.

“Бұл жайлы айта алмаймын. Тек анамды бақытты күйде көргеніме қуаныштымын”, – деп қысқа қайырған.

Жуырда берген сұхбатында Вера Брежнева қызымен арадағы қарым-қатынасының оңай болып жатпағанын айтқан. Әнші, қызының жасы 15-ке толып өтпелі кезеңде жүргендіктен, біраз қиыншылық болатынын жасырмайды.

“Соня бізде көшбасшы. Ол кейде “мама сен түсінбейсің, мен білемін” деп күлдіреді. Ондай сәттерде тыныш ғана басқа бөлмеге кетіп қаламын. Кейіннен ашуы тарқағанда келіп “қызым, сен жақсы білесің, бірақ маған да айтуға рұқсат ет”, деймін. Мен оған бостандық беруге тырысамын. Бірақ, керек кезінде жол көрсетуге тиіспін”, – дейді әнші.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар