Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Венгрия ғалымдары иттердің де түнімен ұйықтамай проблемаларын ойлайтынын дәлелдеді

Ғалымдардың айтуынша, иттер де адамдар секілді түнімен ұйықтамай проблемаларын ойлап, созылмалы күйзеліске шалдығады екен.

Бұл туралы Proceedings of the Royal Society журналында жазылды.

Күйзеліс салдарынан жануарлар түнімен ұйықтай алмай шығады екен. Мұны анықтау үшін венгриялық ғалымдар эксперимент жүргізіп, алты минут бойы иттерге жағымсыз әсер сыйлайтын әрекеттер жасатқызған. Артынша олардың ұйқысын бақылаған.

Аталған зерттеу жұмысына 16 ит қатысқан. Оларды, алдымен, екі топқа бөліп, бірінші топтағылармен ойнап, жақсы қарым-қатынас танытқан. Ал екінші топтағы иттерді түрлі әдіспен қорқытқан. Осыдан кейін иттерге үш сағат ұйықтауға рұқсат берілген.

Нәтижесінде жағымсыз эмоциялар иттердің де ұйқысына әсер ететіні анықталған. Алғашқы топтағы иттер толыққанды ұйқыға 20 минут кем уақыт жұмсаған. Яғни олардың ұйқысының сапасы бұзылған.


Жіберіп алмаңыз:

Үндістанда екі басы бар сәби дүниеге келді

Америкалық ғалымдар міні жоқ «идеалды» әйел бетін анықтады

Заңгер жыртық джинсы киетін қыздарды зорлауға шақырды

Қызылордалық шенеуніктердің ерлер мен әйелдер араласа жалаңаш күйінде демалған сәті желіге тарап кетті

Талқылау