Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Венесуэлада белгісіз біреулер 11 ер адамды үйінен шығарып алып, атып тастаған

Венесуэла қаласының батысындағы Трухильо штатында қарулы адамдар 11 адамды атып кетті.

4bba47cfc968a75bec3898041d600bc0

Сурет: 360tv.ru 

Шабуыл жасаушылар құрбандарды үйлерінен аулаға  шығуға мәжбүрлеп, атып тастаған.

Қаза болғандардың барлығы ер адамдар. Олардың үшеуі 15, 16, 17 жастағы жасөспірімдер және 18-ден 76 жасқа дейінгі ересек адамдар.

Прокуратура құрбандардың кім екені, оларды не үшін өлтіргені жайлы ақпарат бермеген.

Наурызда Венесуэланың оңтүстік-шығысында Тумеремо қаласында кем дегенде 17 шахтердің мәйіті табылған. Қаза болғандардың туыстары кеншілерді жергілікті қылмыстық топ өлтіргенін айтып отыр.

Прокуратура деректеріне сәйкес, 2015 жылы Венесуэлада 100 мың адамға шаққанда 58 кісі өлімі тіркелген.

Талқылау