Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жарылыс кезінде оққағарлары Венесуэла президентін қорғап қалды (видео)

5 тамызда Каракастада әскерилердің қоршауында болып, халық алдында сөз сөйлеп тұрған Венесуэла президентіне жабуыл жасалды. Террористер оқиға орнына жарылғыш зат орнатылған үш дрон жіберген. Бір дронды снайпермен атып құлату мүмкін болды, ал екіншісі бағытынан адасты.

Венесуэла президентіне шабуыл жасалғаннан кейін журналистер қамауға алынды (видео)

Бұл туралы баспасөз қызметкерлерінің ұлттық одағы Twitter-дегі парақшасында хабарлады, деп жазады Sran.kz ақпараттық агенттігі.

Венесуэла президенті Николас Мадуроның күзетшілері дрон жарылғаннан кейін мемлекет басшысын қалқандарымен қорғап қалды.

Жарылыс кезінде оққағарлары Венесуэла президентін қорғап қалды (видео)

Шабуыл жасаушылар ұйымдастырған жарылыстан Венесуэла басшысы зардап шеккен жоқ, бірақ жеті күзетші жарақат алды.

Президентке жасалған шабуылдан кейін елде журналистер қамауға алына бастады. Қазіргі уақытта 11 баспасөз қызметкерлері, соның ішінде ұлттық және шетелдік БАҚ өкілдері ұсталды. Кейбіреулері соққыға жығылған немесе тоналған. Ал, кәсіподақ ақпарат құқығының бұзылуына жауапты адамдарды жазалауды талап етті.

Бұған дейін Ішкі істер, әділет және бейбітшілік министрі Нестор Реверолл Венуэла президентіне шабуыл жасалуына байланысты күдікті ретінде алты адамның ұсталғанын, ұйымдастырушылар мен орындаушылардың анықталғанын хабарлады. Президентке шабуыл жасалуына байланысты «Фланель жауынгерлері» тобы жауапкершілікті өз мойындарына алды.

Сондай-ақ, шабуылды ұйымдастырушылар бұл әрекеттерін тағы қайталауға уәде берген көрінеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау