Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Венера Назарбаева келін болып түскен Шайжүнісовтер әулеті жайлы не білеміз

23 маусым күні Алматыда Дариға Назарбаеваның қызы Венераны үйлену тойы өтті. Ол келін болған Шайжүнісовтер әулеті жайлы не білеміз?

Венера Назарбаева келін болып түскен Шайжүнісовтер әулеті жайлы не білеміз

Кей мәліметтерге сәйкес, күйеу жігіт Дален Шайжүнісов 1995 жылы 24 қазанда өмірге келген. Астанада тұрады. Венера екеуі 2 жыл бұрын танысқан, деп жазады Sputnik.

Шайжүнісовтер әулеті Қазақстанға танылып үлгерген династия. Түп тамыры Шығыс Қазақстаннан шыққан. Ол социалистік еңбек ері, атақты педагог Жақия Шайжүнісов. Оның құрметіне Семейдегі орталық көше мен колледжтің аты берілген.

Венера Назарбаеваның тойы: Шайжүнісовтер династиясы жайлы не білеміз

Ал, Маркен Шайжүнісов – Семейдің құрметті азаматы. Әр жылдары лауазымды қызметтер атқарды. Семей қаласының әкімі, Қазақ ССР жоғарғы кеңесінде сайланып, Қазақстан парламентінің депутаты, презиент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды.

Венера Назарбаеваның тойы: Шайжүнісовтер династиясы жайлы не білеміз

Венераның атасы атанған Тоқан Шайжүнісов 1944 жылы туған. Ол “Востокказколхозстрой” жетекшісі, Өскемендегі “Казгипроцветмет” ЖШС президенті болды.

Венера Назарбаеваның тойы: Шайжүнісовтер династиясы жайлы не білеміз

Үлкен ұлы Сергей Шайжүнісов “КазТрубпром” АҚ, “КазПетроМашКоммерц” ЖШС-ын басқарды.

Венера Назарбаеваның тойы: Шайжүнісовтер династиясы жайлы не білеміз

Күйеу жігіттің ағасы Аллен Шайжүнісов “Астана ЭКСПО-2017” ҰК басқармасын басқарады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау