Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вена қаласының тұрғыны Дунай өзенінен 100 мың евро тауып алған

Автриялық полицейлер веналық тұрғынның Дунай өзенінен 100 мың евродан астам ақша тауып алған оқиқаға қатысты тергеу жүргізуде.

DSC00099

Бұл туралы Австрия полицейлерінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Австрия астанасының тұрғыны су бетіндегі ақшаларды байқаған соң, дереу өзенге секіріп кеткен. Оны өзіне қол жұмсамақшы екен деп ойлаған тұрғындар полиция шақыртқан. Полицейлер келген бойда ол 100 және 500 евролық банкноттарды судан алып шыққан. Азамат судан алып шыққаны үшін ақшаның бір бөлігін беруді талап еткен.

Құқық қорғаушы органдары аталған оқиғаға қатысты ешқандай қылмыстық әрекеттер жөнінде мәлімет тіркелмегенін айтады.

Талқылау