Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Велошабандоз Алексей Луценко мен Бақтияр Қожатаев Олимпиадаға барады

Рио-де-Жанейро Олимпиадасында велоспорттан ел намысын Алексей Луценко мен Бақтияр Қожатаев қорғайды. Екеуі де “Астана” велокомандасының мүшелері.

а337

Сурет today.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Алексей Луценко – андерлер арасында топтық жарыстан әлем чемпионы (2012), Азия ойындарының жеңімпазы (2014), жекелей сында Қазақстан чемпионы (2015), “Алматы турының” екі дүркін жеңімпазы (2014-2015), сонымен қатар “Ең жас велошабандоз” жейдесінің иегері.

Ал СҚО-ның тумасы Бақтияр Қожатаев Heydar Aliyev Anniversary Tour бас іріктеу турнирінде ТОР-3-ке енген, сондай-ақ “Таудағы үздік шабандоз” атағының иегері (2012).

Талқылау