Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вайнерлер Қазақстандағы бензин тапшылығын күлкі қылды (видео)

Қазақстандық танымал вайнерлер Серғазы Тоқтарбек пен TerriTima еліміздегі бензин тапшылығына байланысты әзіл роликтер түсірді.

Ролик әзілкештердің Инстаграм парақшаларында жарияланған. Тиісінше бұл роликтер көп қаралым мен пікір жинап үлгеріпті.

Бұған дейін олар Ерке Есмаханның “Қайда” әнін айтып, “Алматыда жоқ-жоқ” деп әндеткен еді. “Бензин қайда?” деп аталатын пародия ролик ХАХА SHOW YouTube-каналында жарық көрген.

Қазіргі таңда еліміздің бірқатар қалаларында бензин тапшылығы қатты байқалып отыр. Тапшылыққа байланысты жанармай бағасы 170 теңгеге дейін өсіп кеткен. Көптеген бекеттер бензинді тек талонмен таратып жатыр.

Осыған дейін суретші Аңсаған Мұстафа Инстаграм парақшасында атқа мінген әнші Еркенің қолына бензин ыдысын ұстап шауып бара жатқанын жариялап, күлдірген еді.

Тағы да оқыңыз:

Ресейде қазақстандық автобус пен пойыз соқтығысқан жерде түсірілген видео жарияланды (видео)

33 жастағы келіншек пластикалық ота арқылы сұлуланған соң өзіне қалталы күйеу іздемек

Эксперимент: Күйеуім бар деп алдаған қыз балгердің өтірігін әшкере қылды (фото)

Талқылау