Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вайнер Батыров құлағын кішірейту үшін пластикалық ота жасатпақ болған

Джерард Батлер пластикалық ота арқылы бетіндегі әжімдерін азайтқаны есімізде. Қалқан құлақ болудан жалыққан Нұрлан Батыров та, бір кездері хирургтарды жағалап кеткенді. Бірақ, діттегенін орындай алмады. Вайнерді бұл ойынан айнытқан кім?

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Кішкентайынан құлағымның үлкендігі «ең басты кемшілігім» деп ұққан Батыров, ес білген соң пластикалық ота жасатамын деп шешкен екен. Бірақ, мұнысын анасы құптай қоймапты.

“Анам, құлағыңды жабыстырып  ұстап, айнаға қарап көрші деді. Расында, менің пропорцияма сай келмейді екен. Сенің бет-әлпетіңе осындай үлкен құлақ қана жарасымды деп түсіндірді”, – дейді Нұрлан Батыров.

Сондықтан да, Нұрлан құлағының пішінін мүлде өзгертпейтін болып, бастапқы ойынан айнып қалған. Бірақ, ертең егде тартқанда әжімдерінен пластикалық  хирургтардың көмегімен арылуға мүдделі.

Жіберіп алмаңыз:

Италиялыққа тұрмысқа шыққан Сати Казанова үйлену тойын Кавказда жасады

Мөлдір Әуелбекова жас жігітпен бірге “Аллоға” ұқсас клип түсірді (видео)

Әріптестері фонограммаға тыйым салуды ұсынған Мөлдірге қарсы шықты

Гүлзира Айдарбекова Төреғалидің тойында бидің түбін түсірді (видео)

Талқылау