Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Василий Жиров: Қанат Исламды қолдадым, себебі ол – менің жерлесім

Бұрынғы белгілі кәсіби боксшы, IBF нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы, олимпиада чемпионы және әлем чемпионаттарының қола жүлдегері Василий Жиров отандасы Қанат Исламды неліктен қолдағанын айтты.

20160505115028

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

“Сіз бокстан кеткеніңізге қарамастан, БАҚ-та Қанат Исламды Хуан Де Анхельмен кездесуінде қолдауды ұсындыңыз. Бұған не себеп болды?” – деген журналист сауалына Жиров: “Өйткені ол – менің жерлесім. Болашақта Қанаттың өзімен сөйлесетін де мүмкіндік туады деп ойлаймын, – деді боксшы.

Еске сала кетейік, өткен демалыс күндері қазақстандық боксшы Қанат Ислам колумбиялық Хуан Де Анхельді нокаутқа жіберіп, кәсіби рингте 21-ші рет жеңіске жеткен болатын.

Талқылау