Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Василий Левит Рио Олимпиадасының жартылай финалына шықты

Бокстан ел намысын қорғаған Василий Левит ширек финалда мавританиялық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, жартылай финалға жолдама алды.

бокс

Бұл туралы Риодағы Қазақпарат тілшісі хабарлады.

Левит ширек финалда Кеннеди Сен Пьермен жұдырықтасты. Отандасымыз үш раунд бойы қарсыласына есе жіберген жоқ. нәтижесінде төрешілердің бір ауызды шешімімен келесі жартылай финалға жолдама алды. Есеп 3:0 (30:27, 30:27, 30:27).

Осыған дейін Василий Левит алғашқы қарсыласы қытайлық Юй Фенкайды екінші раундта нокдаунға жіберген болатын. Ал үшінші раундта қарсыласы жекпе-жекке шығудан бас тартқан.

Ал бүгін Левиттың алдында 49 келі салмақта өнер көрсеткен Біржан Жақыпов өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовтан ұтылып қалды. Есеп 0:3.

Естеріңізге сала кетейік, қазақ боксшыларынан Олимпиаданың алғашқы күнінде рингке көтерілген 60 келідегі Берік Әбдірахманов АҚШ боксшысы Карлос Баль Дерастен жеңіліп қалған болатын. Соынмен екі боксшымыз жарыстарын аяқтап көрермендер қатарына айналды. Енді жарыс жолында 8 боксшымыз қалды.

 

Талқылау