Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Васильев: Бірнеше жылдан кейін әйелдердің көбі паранжа жабынатын болады

Қазанда “Шығыс және сән” деп аталатын шеберлік сыныбын өткізген сән тарихшысы Александр Васильев исламның Европаның киімі мен архитектурасына әсер еткен бірнеше ғасырлық әсері туралы да айтты. Ол сонда-ақ 2016 жылдың көктем-жаз маусымында не кию керектігі туралы да кеңесімен бөлісті.

145067717955771636576011461399336

Сурет artcontract.ru

Бұл туралы islam.ru сайты хабарлайды.

Васильевтің сөзінше, киім үлгілеріне қатысты денені жабатын және көркем ете түсетін бірнеше кезеңі бар.

“Сүйретіліп оранып жүру сәннен шықты. Қазір бәрі қысқа кигенді дұрыс көреді”, – дейді ол. Маусымның сәні ретінде ол ұзын макси мен жасыл түсті атады. Ерлер костюмдерінде де шығыс әсері байқалады.

Европа әйелдері қайтадан бүкіл әлем тамсана қарап үлгі тұтатын сәнді бикештерге айнала ала ма деген сауалға, Васильевич “жоқ” деп жауап берді.

“Өйткені бірнеше ондаған жылдардан кейін олардың барлығы оранып, паранжа тағатын болады. Егер Ресейде де ислам жеңіске жететін болса мен таң қалмаймын”, – деді ол.

Сән маэстросы сондай-ақ, жуырда BBC таспалаған “Соғыс және бейбітшілік” киносындағы костюмдердегі қателіктерді де айтып өтті. Оның айтуынша, батырлардың киімдері тым еркін. Ресейде 19 ғасырда ондай кимеген дейді сәнгер.

Талқылау