Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вашингтондағы метрода жойқын жарылыс болды

24 сәуір күні таңертең әлеуметтік желілерде Вашингтон қаласындағы метро станцияларының бірінде жарылыс болып, оның соңы өртке ұласқан.

1461465809_odin-chelovek-pogib-i-desyatki-postradali-iz-za-zadymleniya-v-vashingtonskom-metro_1

Сурет newinform.com

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

«Вашингтон қаласындағы метролардың бірінен өрт шықты», – делінген Колумбия округінің құтқару қызметінің Twitter парақшасындағы хабарламада.

Құтқару қызметі Тенлитаун және Френдшип Хайтс метро станцияларының арасында өрт тұтанған аумақты желдетуге көмектесіп жатыр. Қазіргі таңда тілсіз жаудың метрополитеннің техникалық ғимаратында шыққаны анықталып жатыр.
Қауіпсіз орынға көшірілген жолаушылардың айтуынша, өрт Тенлитаун станциясында болған. Оқиға орнына 8 өрт сөндіру және жедел жәрдем машинасы шұғыл жеткен.

photo_183022

Оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ. Қазір бұл аумақта пойыздар тоқтатылған. Жолаушылар үшін арнайы автобус маршруттары ұйымдастырылды.

Айта кетейік. 2015 жылы Вашингтондағы «Л’Энфант плаза» метро станциясында өрт шығып, 1 адам қайтыс болған және 2 адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Оқиға салдарынан 60-тан астам адам зардап шеккен.

Талқылау