Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ваннадағы суретін жариялаған Әлішер Кәрімов тағы да сынның астында қалды

Жасы отыздан асқан әнші әлі күнге дейін үйленбей жүр. Десе де, ұзын бойлы, сымбатты әнші сүйіктісін кездестірген сыңайлы, деп хабарлайды Stan.kz.

алишер в ванной

Ваннада түскен суретін жариялаған ол: «Кездесуге дайындалып жатырмын», – деп жазды.

Әлішер Кәрімов соңғы кездері халық сынына жиі ұшырап жүр. Бірде арақ ішіп, былапыт сөздер айтатынын мойындаған әнші, екіншіде аяғын дастарханнан жоғары қойып тамақ ішкені үшін сыналды. Енді, міне, ваннада түскен суретін жариялаған ол тағы да желі оқырмандарынан ұрыс естіді. Бұл қылығымен Әлішер ел назарын аудартқысы келді ме әлде оның басқа ойы бар ма, әзірге белгісіз.

Ал ашынған желі қолданушылары: «Атың шықпаса жер өрте», «Тыңдармандарыңды сыйламайды екенсің», «Ақылды бала деп жүрсем мынау не сұмдық?», «Сені кім суретке түсірді екен», «Әлішер өнер адамысыз, ерсі қылықтармен түскен фотоларыңызды өтініш салмаңыз», – деп пікір білдірді желі оқырмандары. Есесіне Әлішерді жақтап, “суреттен еш әбестік көрмедік” деген оқырмандар да баршылық.

Жіберіп алмаңыз: 

Мадонна Клинтон үшін дауыс бергендерге өзі оральді секс қызметін ұсынатынын айтты

Брэд Питт соққыға жығылған ұлымен кездесті

Тыңдаңыздар! Мәдина Сәдуақасова Мейрамбек Беспаевпен дуэт айтты (фото, видео)

Әнші Ақерке Бүркітбайдың сұлулығы Нью-Йорк назарына ілікті (фото)

Талқылау