Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ван Дамм австралиялық журналистің сұрағына ашуланып, студиядан шығып кетті (видео)

Актер Жан-Клод Ван Дамм австралиялық журналистердің қойған сауалына ашуланып, Sunrise телешоуын тастап студиядан шығып кеткен.

iz6taywmyxu

Фото: fishki.net

Бұл туралы tjournal.ru хабарлайды.

Реніш тудырған сауал актердің әнші Кайла Миноугпен қарым-қатынасы туралы болыпты. Ол әншімен 1994 жылы “Көше сарбазы” фильмінің түсірілімінен соң танысып кездесе бастаған еді.

“Менің жасым 55-те. Демек, менің өмірге деген көзқарасым да басқаша және біз бұл туралы Австралияда айтып отырмыз. Бұл сұрақтар өте жалықтырарлық. Мұндай сұрақтарға жауап беруге мен қиналамын. Келесі сұрақ? Қандай да бір қызық сұрақ бар ма?”, – дейді актер микрофонын ағытқаннан кейін.

Бұдан кейін актер студияны тастап шығып кетеді. Сұхбат тікелей эфир жағдайында өтіп жатқан болатын.

Талқылау