Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Валерий Меладзе: Менің әйелім – қазақ

Астанаға әнсапармен келген Ресей эстрадасының жұлдызы Валерий Меладзені жақыннан көріп, лебізін білдіруге асыққандардың саны тым көп болды. Әнші өзіне ұмтылған нәзік жандылардың ешбіріне де қарсылық білдірмеген.

рпав

Фото: ru.tv

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

“Менің әйелім – қазақ, барлық ТМД әйелдеріне ескерттім. Сүйіп түскен суреттерді желіге салмаңыздар”, – деді ол.

Астана төрінде кеш берген әнші барлық әнді жанды дауыста, жанды аспаптардың сүйемелдеуімен орындап шықты. Бір қызығы осы жолғы құрамдағы гитарашы, барабаншы, музыканттармен ол 25 жылдан бері жұп жазбай бірге келеді. Тіпті жас бэк-вокалшы Хатуна Романовскаяның өзіне жеке алғыс айтуға әбден болады. Ол бір нотаның өзін минуттан астам уақыт бойы ұстап тұра алады екен.

Меладзе бұл кеште грузин тілінде де ән салды. Әнші “мен өзімді Қазақстанда шет ел адамы деп сезінбеймін” дейді.

Валерий Меладзе қазақстандықтарға Батырхан Шүкеновтың ең жақын досы ретінде де жақсы таныс. Ол Батырханның ұлына көмек қолын созған алғашқы жанашырлардың бірі. Олар музыка әлемі арқылы танысып, талай жыл жұптары жазылмаған адал достарға айналған еді. 1995 жылы Шүкенов саксафонмен “Сэра” әніне арнап арнайы партия жазып берген. Бұл композиция Меладзені музыка әлемінің ең биік шыңына көтерді.

Оқи отырыңыз:

Меруерт Түсіпбаева жұмыс уақытында ұйықтап отыратын шенеуніктерді сынады

Баян Мақсатқызы «Кеш you» тобының құрамын тағы ауыстыра ма?

Серік Ибрагимов қалыңдығын ұзатып алды (фото, видео)

20 жастағы Мәдина Сәдуақасова: әнші қандай болды? (видео)

Қарақат «Бал-бала» ойыншықтарын қымбатсынатын ата-аналарға қайран қалды

Талқылау