Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вакцина салдыруға қарсы ата-аналарды имамдар да көндіруге кірісті

Елімізде дау тудырған екпені салдыртудан бас тартқандар саны еселеп артып отыр. Мәселен, былтырдың өзінде 9 мыңға жуық ата-ана ұл-қыздарына ине салдыртуға қарсы болыпты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

lori-0004901176-bigwww

Солардың жартысы мұнысын діни көзқарастарымен түсіндірсе, қалғандары үнді препаратына күмәнмен қарайды екен. Бұған себеп те жоқ емес. Былтыр жыл басында қызылша мен түрлі инфекцияның алдын алуға арналған екпеден соң, бірнеше аймақта оқушылар мен студенттер жаппай естерінен танып, реанимациядан бір-ақ шыққан болатын.

Кейін бюджеттің миллиондарына сатып алынған үнді вакцинасына уақытша тыйым салынғанымен, егу қайта жалғасты. Қазір де елімізде жаппай екпе салу науқаны өтіп жатыр. Сондықтан дәрігерлермен бірге имамдар да түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, шариғатта вакцинаға тыйым салынбайтынын айтуда.

“Қажылыққа баратын кісілерге де Сауд Арабиясы тарапынан менингитке қарсы вакцина егіледі.Екпенің құрамында шариғат бойынша спирт, доңыз майы сияқты нәрселер болмаса, ешқандай тыйым жоқ”, – дейді «Ас-сәләм» мешітінің бас имамы Нұрбол Әубәкіров.

Талқылау