Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады

Ресейлік әскери СУ-24 ұшағының апаты Ресей-Түрік дипломатиялық қарым-қатынас суыды.

В.Путин ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады

 Бұл жайында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ресми түрде мәлімдеді.

Путин Иордания патшасы Абдалла II мен Сочиде өтіп жатқан кездесу барысында ұшық апатын естіп, шұғыл баспасөз отырысын өткізді. Бұл істі Путин “лаңкестерді жақтаушылар” деп атады. Оның үстіне ресейлік ұшақты атып түсіргеннен соң, Түрік билігі  бірден Ресейге емес, НАТО-дағы серіктестеріне жүгінгендігін сынға алды.

Түрік әскери әуе күштері ресейлік бомбардирды әуе кеңістігінің заңдарын өрескел бұзды деп атып түсірген. Алайда, ресми Мәскеу ұшақ Сирия территориясынан аспады деп отыр. Белгілі болғандай, СУ-24 Түркиядан 4 шақырым жерде құлаған.

Куәгерлер түсірген бейнежазбада ұшақты жерден атып түсіргені анық көрінеді. Түрік тарапы мұны мойындады. Бортта болған екі ұшқыш секіріп үлгерген. Алайда, олардың бірі қаза болды деген хабар бар.

Сондай-ақ, бүгін Сирияда Ресей тілшілеріне шабуыл жасалғаны да белгілі болды. ТАСС және  RT журналистері мінген көлікті танкке қарсы зымыранмен атқылаған. Тілшілер дін аман.

Еске салсақ, 30 қыркүйектен бастап Ресей авиациясы ДАИШ-тың Сириядағы жасақтарын әуеден атқылай бастады. Ал 17 қарашадан бастап әуе шабуылдарын стратегиялық бомбалаушы ұшақтарымен жандандырды.

 

 

 

Талқылау