Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Левитке Олимпиада алтынына берілетін сыйақы табысталады

Рио Олимпиадасының күміс медалін еншілеген Василий Левитке 250 мың доллар сыйақы беріледі. Аталған сома Олимпиада алтынын алған спортшыға берілетін сыйақымен тең.

20160817094935
Бұл туралы ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Василий Левит Олимпиада рингінің финалдық кездесуінде тамаша нәтиже, жеңіске де айрықша ерік-жігер көрсетті. Ол Олимпиаданың күміс медалін жеңіп алғаннан кейін оған мемлекет 150 мың доллар сыйақы береді. Бұған қоса, Қазақстан Бокс федерациясының президенті Т.Құлыбаевтың шешімімен аталған сомаға тағы да 100 мың доллар қосылады. Осылайша Левиттің сыйақысы «алтынмен» теңеседі», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ федерация В.Левитті Олимпиада медалімен құттықтап, оның Қазақстан Бокс федерациясының, жаттықтырушылар штабының және бүкіл елдің сенімін ақтағандығын атап өткен.

«АИБА ережесі бойынша төрешілер шешіміне наразылық танытылмайды және біз Халықаралық бокс қауымдастығының мүшесі ретінде бұл ережелерді сақтауға тиіспіз. Қазақстан Бокс федерациясы төрешілер шешімін сыйлайды», – деп атап өткен федерациядан.

20160817095045

20160817094953

20160817094946

20160817094941

Фото: ҚазАқпарат

Жіберіп алмаңыз: 

Қазақстандықтар Василий Левитке алтын медаль жасатып беру үшін қаражат жинауда

Қазақстандық жұлдыздар Левитке қолдау білдірді (фото, видео)

Ұлттық құраманың бас бапкері: Левиттің қарсыласы менен кешірім сұрады

Ресейлік бапкер төрешілер Левитке қатысты әділетсіздік жасағанын айтты

Левиттің жеңілгені Олимпиадада үлкен дауға айналды

Талқылау