Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

V Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды (фото)

Бүгін түнде Алматының халықаралық әуежайына Ашхабадтан жабық алаңда өтіп жатқан V Азия ойындарының жеңімпаздары мен қатысушылары ұшып келді.

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Олар қазақ күресінен Азия ойындарының жеңімпаздары Айбек Нұғымаров, Қасымхан Түленбай және қола жүлдегері Әділжан Ыстыбаев. Одан бөлек қазақ күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Ерлан Естек, Алматы қаласының қазақ күресінен бас бапкері Бауыржан Тәліп те пауландармен елге оралды. Ел мақтаныштарын салтанатты түрде қарсы алуға Алматы қаласының спорт мектептері, федерация және достары гүлмен қарсы алып, шапан жапты.

“Алматы жұрты бізді осындай үлкен қуанышпен қарсы алып жатыр. Жасаған ілтипатарыңызға алғысым шексіз. Сары құрлық бәсекесі жалғасуда, біздің спортшылар олжалы оралады деген ойдамыз”, – деді Айбек Нұғымаров.

Естеріңізге сала кетсек, 91 келіден жоғары салмақта Айбек Нұғымаров финалдық кездесуде қырғызстандық Тілек Куваловты жеңсе (0(10) – (0(0), алматылық палуан Қасымхан Түленбай 70 келі дейін салмақ дәрежесінде түркменстандық Исанмұрат Атаевты тізе бүктіріп 0(7) – 0(0), Азия ойындарының чемпионы атанды.

“Қазақ күресі Азия ойындарында алғашқы рет болғандықтан жоғары деңгейде дайындалып бардық. Жергілікті палуандар өте мықты болды. Жарыстың да атмосферасы өзіме ұнады, Олимпиададан кейінгі мықты жарыстар деп Азия ойындарын есептеймін. Енді Астанада болатын әлем чемпионатына дайындаламын”, – деп өз ойымен Қасымхан Түленбай бөлісті.

Сонымен қатар, 90 келі салмақта Әділжан Ыстыбаевте жүлдесіз қалмады, ол қола жүлдеге таласта, ирандық Әли Мехдизадахты ұтты (0(10) – (0(0).

Айта кетер жайт, палуандармен қатар Алматының әуежайына Қазақстан ұлттық құрамасының велоспортшылары және ат спорты түрлерінің қатысушылары да келген болатын.

Оқи отырыңыз:

“Канело” Альварес Мексикада жер сілкінісінен зардап шеккендерге бір миллион доллар аударады (фото)

“Реал” өз ойыншысын 1 миллиард евроға бағалады

Головкинге алдағы жекпе-жекке бес қарсылас ұсынылды (фото)

Головкин-Альварес жекпе-жегіне төрелік еткен судья қызметтен шеттетілді

Талқылау