Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

V Азия ойындары: Қазақстан бір күнде бес “алтын” иеленді

Түрікменстанның Ашхабат қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындары өз жалғасын тауып, спортшыларымыз қанжығаларына алтын мен қола жүлде байлады.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жарыстың жетінші күнінде Қазақстан спортшылары тоғыз медаль еншіледі – бес алтын және төрт қола. «Алтынды» Перизат Жақыпбекова (белбеу күресі), Әділ Қасқабай (жүзу), Әсем Садықова (ауыр атлетика), Павел Воржев және Қазақстанның ерлер командасы (велотрек) алып келсе, «қоланы» Әлихан Қаранеев (бильярд), Қазақстанның жүзуден ерлер командасы, Сергей Пономарев (велотрек) және Ұлжан Дүйсембаева (белбеу күресі) сыйлады.

Жетін күнгі жарыстан кейін Қазақстан 46 медальмен (14-12-20) жалпы есепте бесінші орында тұр. Бірінші орында 175 медальмен (69-51-55) – Түрікменстан, екінші орында 66 (17-14-35) медальмен – Иран және үшінші орында 77 (16-19-42) медальмен Өзбекстан келеді.


Жіберіп алмаңыз:

“Канело” Альварес Мексикада жер сілкінісінен зардап шеккендерге бір миллион доллар аударады (фото)

“Реал” өз ойыншысын 1 миллиард евроға бағалады

Головкинге алдағы жекпе-жекке бес қарсылас ұсынылды (фото)

Головкин-Альварес жекпе-жегіне төрелік еткен судья қызметтен шеттетілді

Талқылау