Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2015-күзгі шақырылым жас сарбаздарының ант қабылдауы (фото)

2015 жылы 28 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Алматы қаласында «Астана» алаңында Мемлекеттік күзет қызметінің «Күз – 2015» маусымы бойынша әскери борышын өтеуге шақырылған сарбаздардың салтанатты ант беру рәсімі әскери қызмет атқару және отан алдында конституциялық борышын өтеу үшін республиканың әр өңірлерінен іріктеліп алынған жастар әскери ант қабылдады.

Осы акт ерекше әскери дәстүр болып табылады, ол әскери қызметшілерде патриотизм рухын, Отанға және Қазақстан Президентіне адалдық, сондай-ақ еліміздің ең элиталық күштік құрылым болып саналатын ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қатарында әскери борышын абыроймен өтеу сезімдерін тәрбиелейді.

Бұл жауынгерлік дәстүр әскери қызметтің ең маңызды актілерінің бірі болып табылады.

Салтанатты ант қабылдау рәсіміне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің басшылығы мен Алматы қаласының әкімі Байбек, қоғам қайраткерлері мен сарбаздардың туған-туыстары қатысты. Салтанатты ашылу рәсімі барысында сөз сөйлеген ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы генерал-майор мырза жас сарбаздар Елбасы мен өзге де күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және объектілердің қорғалуы бойынша жүктелген жауапкершілікті абыроймен атқарып, Мемлекеттік күзет қызметінің ардагерлері мен қатардағы қызметкерлердің салып кеткен сара жолы мен дәстүрлерін жалғастыратындығына сенім білдірді. Ол үшін батылдық пен қырағылық, саптық тәртіп пен әскери антқа адалдық қажет екендігін ерекше атап өтті.

Әскери ант мемлекеттік құжат бола отырып, әскери қызметшілерден әскери қызметтің міндеттерін бұлжытпай орындауды, әскери істі адал оқып-үйренуді, сеніп тапсырылған қару мен әскери техниканы шебер қолдануды және күтіп ұстауды талап етеді.

Сарбаздар үшін әскери орта жаңашылдық емес, олар жас жауынгер курсынан өтіп, осындай жауапты қадамға алғашқы әзірлік негіздерімен келді.

Бүгін олар қысқа мерзімде игерген қарумен және қарусыз саптық амалдардың элементтерін көрсетіп, салтанатты шерумен өтеді.

Ант қабылдағаннан кейін сарбаздар ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің әскери бөлімдеріне (Алматы қ. және Астана қ.) таратылады, онда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, басқа да күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ерекше тапсырмаларды, дәстүрлі рәсімдерді орындайды, Мемлекеттік ту мен елтаңбаның эталондарын күзетеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде тек үздік әскери қызметшілер ғана қызмет атқарады, сондықтан бұл әскери құрылымға сарбаздарды іріктеу ісіне басымдылық беріліп, таңдау мұқият әрі қатаң жүзеге асырылады. Қорғаныс істері бойынша департаменттерге барған офицерлер үміткерлермен сұхбаттасу жүргізеді. Шақырылушы бойынша барлық мәліметтер анықталады: оқу және жұмыс орындарынан мінездемелер, әскерге шақырылушының қарым-қатынаста болған ортасы, қызығушылығы мен бейімділігі, медициналық деректері, сонымен бірге бойы 180 см кем болмауы.

Отанға деген адалдық, батылдық, қысылтаяң жағдайда өз бетімен жалғыз әрі дұрыс шешім қабылдай білу, тәртіптілік және қырағылық қасиеттері айқын көрініс тапқан талапкерлерге басымдылық беріледі. Бұл жерде моральдық тұрғыда берік, физикалық шыдамды, әскери қызметке психологиялық жағынан тұрақты бозбалалар әскери борышын өтейді.

Әскери қызмет үшін іріктеп алынған жас сарбаздар арнайы тексеруден өтеді. Үміткердің моральдық-іскерлік және физикалық қасиеттеріне ерекше назар аударылады. Осындай қатаң талаптар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі атқаратын міндеттердің маңыздылығымен байланысты.

2015 жылғы күзгі шақырылым нәтижесі бойынша ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қатарына шақырылатын жас сарбаздардың сапалық мінездемесі жоғары деңгейде. Шақырылымның негізгі құрамы жоғары және арнайы-орта білімді. Жастардың басым көпшілігі түрлі спорттық разряд иегерлері.

Жиналған қауым назарына Президенттік оркестр мен «Айбын» Президенттік полктің құрмет қарауыл ротасының әскери қызметшілері арнайы плац-концертін ұсынбақ. Осы бағдарламамен ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері 2015 жылғы қыркүйекте Мәскеу қаласында өткен «Спасск мұнарасы» атты Халықаралық әскери-музыкалық фестивальде өнер көрсеткенін атап өту қажет.

3

1 2

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Талқылау