Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұзындығы бес метр қолтырауын гольф алаңына шықты (видео)

Флорида штатындағы Пальметто қаласында гольф алаңының қызметкері ұзындығы кем дегенде 4,5 метр болатын үлкен қолтырауынды видеоға түсіріп алған.

Бұл туралы UPI-ға сілтеп, Stan.kz хабарлайды.

Бейнеде қолтырауынның гольф алаңында асықпай келе жатқаны көрсетілген.

Жергілікті тұрғындар «Жолы болғыш Гилмор» фильміндегі кейіпкердің құрметіне оны Чаббс деп атады.

«Бұл осы жерде 25 жыл бойы мекендеген қолтырауын ғой», – дейді гольф алаңының менеджері.

Қолтырауындар 60 жылға дейін өмір сүруі мүмкін. Ал, ұзындығы 3,4 метр болатын америкалық қолтырауындар жиі кездесе бермейді. Ғалымдар бұдан ұзын қолырауындардың болатынын айтқанымен, осы күнге дейін оны ешкім кездестірмеген.

2016 жылдың мамыр айында Чаббс бүкіл әлемге танымал болды. Оның гольф алаңында серуендеп жүргені түсірілген видео YouTube каналында 20 миллионнан астам көрермен жинаған.

Жіберіп алмаңыз:

Фильмде ерлі-зайыптылардың рөлін сомдаған достар 13 жылдан кейін отбасын құрды

Екі аяғының ортасынан соққы алған ер адамның жүрегі кеудесінен шығып кетті (видео)

Өзін «уақыт саяхатшысы» атаған ер адам 2118 жылы түсірілген суретті көрсетті (видео)

Ер адам әйелінің жүкті екенін ұшқыштың хабарландыруынан естіді (видео)

 

Талқылау