Ұзынағаштағы мал базарында түрлі-түрлі қылмыстық оқиғалардың беті ашылып жатыр

Сенбі, 1 Қазан , 2016 9:07

Ал Ұзынағашқа мал сатуға келіп, артынша өлтірілді деген ағайынды 3 азаматтың ісінен кейін мұндағы мал базардағы түрлі-түрлі оқиғалардың беті ашылып жатыр. Анықталғандай қанды оқиғаға дейін дәл осы базарда бірнеше саудагер ірі көлемдегі ақшаларынан айрылған.

DSC_0327

Фото: astinfo.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Тіпті бірі 4 миллион ақшасын ұрлатып алған. Ал былтыр мал сатуға келген азаматтың өлі денесі көміліп жатқан жерінен табылды дейді саудагерлер.

Есболат Мағаз мал саудасымен айналысқанына 3-4 жылдың жүзі болған. Қасына сенімді серіктестерін ертіп алып, осыдан екі жарым ай бұрын Ұзынағаштағы мал базарына келіп, ірі қараларын сатқан. Ал одан түскен пайданы:

“Мынау есік ашық тұрады, дәл осындай болып. Сол сәтте мына жақ есіктен 1 минутқа жетер жетпес уақытта көзге ілдірмей алып кеткен ғой ақшаны”, – дейді саудагер Есболат Мағаз.

Ұры тәжірибелі және ол жалғыз болмаған дейді Есболат.

“Арт жағынан бір адам шақырады, оспақтап. Ол мал сатылып кеткен дейді біздің жігіт оған. Сөйтсе анау әй келіп дұрыстап айтшы, не деген жақсы малдар деп тағы да шақырып алған. Біздің жігіт машинадан түскен. Ал сумкадағы 4 миллион теңгені тура осы жерге қойып кеткен”, – дейді ол.

4 миллион жоғалған соң, олар бірден полиция көмегіне жүгінген. Алайда олар, мұрты майланған ұзынағаштық ұрыларды ұстауға асықпай отыр дейді. Ұзынағаштағы мал базарына келгендер ұрлық өршіп тұр, ал бейнекамералар тек көзбояушылық үшін ғана тұр дейді. Мал мүлік былай тұрсын, мұнда адам да жоғалып, артынша өлі табылып жататын кездер болды дейді саудагерлер.

“Бірінші малыңызды аламыз деп шақырған. Ол жігіт сенген. Сенімді адамдар ғой деп барған. Мотоциклмен барған. Онан кейін машинадағы саймандарын алып ол жігітті сабаған. Ақшасын алмақшы болған. Ол жігіт сезіп, сендерге керегі ақша ма деп ақшаны көздерінше жыртып тастаған. Кейіннен ол екі азамат оны өлтіріп тастаған”, – деді Гүли Шәмиқызы.

Сондықтан, сауда жасаушылар бұл жағдайды тиісті органдар қатаң назарға алса дейді.

Оқи отырыңыз:

Сыра ішіп отырған қазақ қыздардың бейәдеп әңгімесі жұртты шошытты (видео 18+)

Ақшамен туфлиін сүртіп тастай салған жігіттің әрекеті көпшіліктің ашуын туғызды (видео)

Аспаннан алтын мен 500 евро жауған сыған тойы желіде хитке айналды (видео)

6 жасар қызының порно көруін тоқтата алмаған ана жұрттан көмек сұрады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар