Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұзынағашта үй шатырының опырылуына құстың саңғырығы себеп болған

Алматы облысы Ұзынағаш ауылындағы көпқабатты үй шатырының опырылып құлауына кептерлер кінәлі екен. Жергілікті шенеуніктер тексеруден кейін осындай шешімге келген. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

ыыыы

Көпқабатты үйдің шатыры кептерлердің саңғырығын көтере алмай құлаған.

Төтенше жағдай екі апта бұрын болған. Тұрғындарды түгелдей мектеп ғимаратына көшіріп, кейінірек баспаналарына қайта оралуды сұраған. Ал ауыл тұрғындары болса төрт жылдан бері жарты ғасырлық тарихы бар екі қабатты үйдің апатты жағдайда тұрғанын ешкімге дәлелдей алар емес.

“Міне, көрдіңіздер ештеңе де жоқ. Қайтып келіңдер дейді, бізге тек шатыр жасап берген кезде ғана қайтып келеміз. Төбеде керек-жарақтың бәрін ұрлап кеткен. Кеше әкімдікке барып едік, әлі шешім шыққан жоқ дейді. Шақыратын журналистеріңді шақырыңдар деп айтты,” – дейді тұрғын Еңлік Үркінбаева.

Тұрғындар шенеуніктер асықпай мәселені қарағанша, үйдің өзі құлап түсе ме деп қорқады. Ал мамандар үйге кептерлердің саңғырығы салмақ түсірген деген шешім шығарыпты.

“Шатырда кептерлердің саңғырығы толып қалған. Бұл шатырға қосымша салмақ түсірген. Мен әзірге толықтай үйді немесе шатырды ғана қалпына келтіреміз деп айта алмаймын. Нақты ештеңе дей алмаймын”, – дейді Ұзынағаш ауылдық округінің әкімі Ескелді Құдайбергенұлы.

Тұрғындарды уақытша қоныстандырған интернаттан билік қайтадан шығуларын сұрап жатыр. Ал адамдардың пәтерлеріне барғысы жоқ.

“Оданда лашық тігіп сонда тұрғанымыз дұрыс. Үй құлаудың аз-ақ алдында тұр, кіруге де қорқамыз”, – деді ауыл тұрғыны Аяулым Әбікенова.

Талқылау