Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұзатылған әжейдің видеосы: 80 жастағы қариялардың махаббат хикаясы (видео)

Желіде қалыңдық көйлегін киген 80 жастағы әжейдің тойдағы видеосы кең тарады, деп жазады Stan.kz.

Ұзатылған әжейдің видеосы: 80 жастағы қариялардың махаббат хикаясы (видео)

Желі қолданушыларының бірі бұған таңғалса, енді бірі сенбестік танытты. Желідегілер қарияладың “Гауһар тойын” тойлап жатқанын жазды.

Tengrinews.kz мәліметінше, оқиға Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Көктерек ауылында болған. Ауыл тұрғыны 80 жастағы Оңлабай Мүлкібаев ата құдай қосқан жары Қожашқызы Тиышкүл әжеймен отасқанына алпыс жыл толуына орай мерейтойын өткізген. Қариялардың 9 ұл, 1 қызы бар. Немере, шөбере сүйген.

Ұзатылған әжейдің видеосы: 80 жастағы қариялардың махаббат хикаясы (видео)

Бала-шағасы мерейтойды атап өтпек болып, той жасайды. Алайда қайын жұрты әжейді ұзататынын айтып, аулына алып кетеді.

Төс тарту, ілуін беру (қалың мал) тағы басқа салт-дәстүрді орындаған, соң әжей сыңсу айтады. Бұл сәттің видеосы желіге тарап кетеді. Той әрі қарай мейрамханада жалғасады.

Оңтай ата мен жұбайы Тиышкүл әже отау құрғанда дүркіретіп той жасай алмаған. Балалары сол себепті “Гауһар тойын” атап өткен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау