Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұзатуда әжейді итеріп жіберген Беделханның келіншегі жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Ұзатудан кейін үлкен әжейді итеріп кеткен Жанболат Беделханның келіншегі жұрттың жағасын ұстатты.

Безымянный

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Орда” тобының әншісі Жанболат Бедалхан шаңырақ көтерді. Қос ғашық осы күнге дейін ұзатуы мен үлкен тойын да жасап үлгерді. Аталған тойлардың біріндегі видеодан желі қолданушылары қалыңдықтың үлкен әжейді қолымен итеріп жібергенін байқап қалған. Жанболаттың келіншегінің бұл қылығы жұрттың жағасын ұстатты. Олар түрлі пікір білдіріп, бойжеткеннің бұл әрекетін тәрбиесіздікке балады.

“Итеріп барады ғой өзі”, “Қуады екен”, “Итергені көрініп тұр ғой. Көзі соқыр да көретін шығар мұны”, “Мына қыздың басы істей ме? Үлкен адамды итергені несі?”, “Үлкен апамызды итергені жаман болды”, “Текті жерден шыққан қыз бұлай жасамайды”, “Үлкен апамызды итеріп кеткені сіздер үшін болмашы нәрсе болса, жетіскен екенбіз” дейді желі қолданушылары.

Мұнымен қатар, желі қолданушылары Жанболат Бедалханның екінші рет үйленіп жатқанын, осы уақытқа дейін 92 жылғы келіншегі болғанын айтып жатыр. Десе де, бұл қауесеттің қаншалықты рас екені белгісіз.


Жіберіп алмаңыз:

Танымал КВН ойыншысы Еркебұлан Мырзабек шаңырақ көтерді (фото)

36 жастағы Асылбек Еңсепов шаңырақ көтерді (фото, видео)

Қазақ боксшысы Жанқош Тұраров шаңырақ көтерді

Жазушы Дидар Амантай мен әнші Гүлбаршын Тергеубекова шаңырақ көтерді

Талқылау