Ұзақ өмір сүргіңіз келе ме? Тамақты аз ішіңіз

Сенбі, 10 Маусым , 2017 22:04

Бірқатар ғылыми зерттеулерге сүйенсек, күнделікті тұтынатын калорийлар мөлшерін біржолата азайту арқылы, сіз өміріңізді жақсы жаққа қарай өзгерте аласыз.

_96320857_diet1istock

Мәселен, біраз жылдан кейін 33 жастағы ер мен 52 жастағы әйел мейрамханада кездесті делік. 30-дан асқанша бойдақтығымен қош айтыса алмаған ер азамат ақыры үйленуге дайын екенін жеткізеді. Ал 52 жастағы әйел ажырасқанын және жасы 20-дан асқан ересек балаларының бар екенін айтады. Оны естіген ер қатты таңырқайды, себебі әйел оның өзінен де жас көрінеді.

Мүмкін емес десеңіз, қателесесіз! Себебі күндердің күнінде адамның биологиялық жасы түр-келбетіне сай келмейтін шақ туады.

Америкадағы қартаюға қарсы ұлттық институттың қызметкері Джули Маттисон дәл біздің әңгімеміздегі әйел сияқты болуды армандайды.

Дәл қазір бұл нәрсе шындыққа жанаспауы мүмкін, алайда медицинаның жетістігі мен адамның өмір сүруіне жасалатын жағдайларды жақсарту арқылы бұл мақсатқа жету үшін көптеген іс-шаралар атқарылып қойған.

Мәселен, статистикаға сүйенсек, 2014 жылы (United States Health Interview Survey) жылына 50 мен 64 жас аралығындағы америкалықтардың 16% созылмалы аурулармен ауырған. Ал бұдан небәрі 30 жыл бұрын бұл көрсеткіш 23%-ды құрапты. Басқаша айтқанда, өз ата-анасымен салыстырғанда бүгінгі ұрпақтың әлдеқайда дені сау.

Сонымен адамның өмір сүру ұзақтығы мен сапасын жақсарта түсу үшін не істеу қажет?

Бұл сұраққа әлем ғалымдары әртүрлі жауап берді.

Маттисон мен оның әріптестерінің жауаб: күнделікті ас тұтыну режіміне қарапайым түзетулерді енгізу қажет. Олардың сөзінше, ең бастысы – ыдысыңдағы тамақтың мөлшерін азайту керек. Мұны ғалымдар «калорийді шектеу» деп атайды.

Бұл диета тек майлы тағамнан бас тартып немесе тамақты қабылдау уақытын шектеуден тұрмайды. Бұл жерде сөз ақырындап күнделікті тұтынатын азықтың мөлшерін азайтып, оны ешқашан көбейтпеу туралы болып отыр.

1930 жылдардың басынан бастап жүргізілген зерттеулерге сәйкес, күнделікті азықты 30%-ға азайту арқылы ағзаның өмірі жақсара әрі белсенді бола түседі. Алайда бұл тәжірибе құрт, шыбын, тышқан және маймылдың ағзасына жасалған.

Қысқасы, калорийді шектеу жануарлардың денсаулығын едәуір жақсартады. Бәлкім адамдар да дәл осындай нәтиже көрсететін шығар?!

Сонау Ежелгі Грекия заманында-ақ, алғашқы дәрігерлердің бірі Гиппократ көптеген аурулардың ашқарақтықпен байланысты екенін айтқан еді. Семіздік ауруына шалдыққан гректер арық гректермен салыстырғанда әлдеқайда ерте жаста өмірден озып отырған.

Ал XV ғасырдың соңында өмір сүрген венециялық аристократ Луиджи Корнаро 40 жасынан бастап күніне небәрі 350 грамм калорий тұтынып тағы 40 жыл өмір сүрді. Ол күн сайын нан, жұмыртқа және сорпа ішті. Еттен бұзау, ешкі, сиыр, құс, торғай және тауық етін жеді. Ал балықты балықшылардан алып жүрді. Байқап тұрғандарыңыздай, ол азық түрлерін емес, оның мөлшерін азайтты.

1591 жылы Корнароның немересі атасының «Дені сау өмірі туралы пікірталас» атты үш томдығын бастырып шығарды. Онда аристоркрат, тұтынатын азық мөлшеріп азайтуға кеңес берді, тіпті талап етті десе де болады.

Өмір сүру ұзақтығын арттыру тәжірибелері

Корнароның тәжірибесі қызықты болғанымен, ол ғылымда нақты байлам жасауға жеткіліксіз еді.

1935 жылы тышқандарға жүргізілген тәжірибе азық мөлшерін 30-50%-ға азайту арқылы ағзаның өмір сүруін ұзартуға болатынын тағы да бір рет дәлелдеді. Сондай-ақ асты азырақ жеу арқылы қарттық белгілерімен байланысты ауруларды алдын алуға болады.

Әрине, супермаркеттен алып жатқан азығыңыз сіздің женсаулығыңыз бен қаншалықты ұзақ өмір сүретініңізге әсер етеді десем, қарабайыр естілуі мүмкін. Бірақ шын мәнінде солай.

Бұл сөзімізді 1980 жылдардың соңында жүргізілген екі бірдей зерттеу растай алады. Олардың бірі қартаюға қарсы ұлттық институтта, ал екіншісі Висконсин штатының университетінде ұйымдастырылды. Мұнда тәжірибеге макака маймылы алынды. Бұл жерде жануардың бұл түрі мен адам ДНҚ-сының 93% ұқсайтынын айта кету керек. Яғни, макака мен адамның қартаюы да ұқсас.

Жалпы макакалар орта жастан асқаннан кейін (шамамен 15 жыл) олардың арқалары бүкірейіп, бұлшықеттері мен терісі қартая бастайды. Сондай-ақ, бұл жануарлар егде жасқа жеткенде адам сияқты обыр, диабет, жүрек ауруларына шалдығады.

Ал тәжірибеге алынған Шерман өзге маймылдармен салыстырғанда 20 жыл артық өмір сүрді.

_96320863_diet4

«Олар – кәрілікті зерттеу үшін мінсіз модельдер», – дейді Висконсин университетінің геронтологы Розалин Андерсон.

Бұл жануарларды бақылауда ұстау да оңай. Висконсин университетінде 76 макака маймылы арнайы диетаны ұстанды. Олар өздеріне қажетті заттар мен минералдар бар арнайы печеньемен тамақтандырылды.

Олардың ешқайсысы аш қалмайды. Сонымен ас мөлшерін аз тұтынатын болған макакалардың өзгелермен салыстырғанда әлдеқайда ұзақ өмір сүретіні және сырт көзге жасырақ көрінетіні расталды. Тамақты аз жегендердің жүні ақ емес, қоңыр түсті болды. Ал ағзаларында ешқандай патологиялық кемшіліктер болмады.

Жануардың онкологиялық және жүрек ауруларына шалдығуы да 50%-ға төмендеді. Тәжірибеге қатысқан маймылдардың бірде бірінен диабет белгілері табылмады.

Сонымен, 20 жыл ішінде тамақты аз жеген макакалардың небәрі 13%-ы жасына байланысты өліп қалды. Ал көп жегендердің ішінде қартайып өлгендер 37% -ды құрады, яғни алдыңғысымен салыстырғанда үш есеге көп.

Калорийді шектеу дегеніміз – күн сайын желінетін тамақтың мөлшерін ақырындап азайту.

Азықтың мөлшерін азайту арқылы жануарлардың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарттық. Алайда мұндай шектеулерге адамның шыдауы қиын. Себебі жоғары калориялы тамақтар адамның алдынан күн сайын шығады.

_96320859_diet2

Әрі кейбір адамдар үшін артық салмақ қосу қалыпты жағдайға айналған, олар соған үйреніп қалған.

“Бұл жерде генетика үлкен рөл ойнайды, кейбір адамдар үшін арық болып қалу өте қиын. Бүтін тортты жесе де толмайтын және керісінше, оның бір бөлігін жеп, артық салмақ қосып алатын адамдарды сіз де білетін боларсыз», – дейді Андерсон.

Мақаланың толық нұсқасын ағылшын тілінде BBC Future басылымынан таба аласыз.

Жіберіп алмаңыз:

Енді аяғы ауыр әйелдер смартфон арқылы ем-дом алатын болды

Сүт қосылған шай неліктен зиян?

Сақтана жүріңіз: Сарыауру қандай жолдармен жұғады

Мамандар рак ауруы кезінде аман қалу үшін не істеу керектігін айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар