Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Үйленеміз деген: Астанада жалғызбасты ана альфонсқа алданып, 6 млн теңгесінен айырылып қалды

Астаналық жалғызбасты ана нағыз альфонсқа ұрынғанын айтты. Әйелдердің ақшасына күн көруге үйреніп қалған ер адам жалғызбасты анаға тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасап, содан кейін одан 6 миллион теңге қарыз алған. Мұндай жағдайларда жиі кездесетіндей, ол ақша алғаннан кейін ізім-ғайым жоқ болып кеткен. Ал алданған келіншек бұл іске полицияны кірістірді. Астана тұрғыны секілді альфонс еркектің құрбаны болған басқа да жәбірленушілер бар ма, және өтірікшіні әшкерелеу мүмкіндігі қандай?

Үйленеміз деген: Астанада жалғызбасты ана альфонсқа алданып, 6 млн теңгесінен айырылып қалды

Бұл туралы 31-арна хабарлады, деп жазады Stan.kz.

Гүлден мен оның ғашығы болған Мәдидің отбасылық бақытының көрінісі тек фотосуреттерде ғана қалды. Олар көктемде танысқан. Ал шілде айында ол Гүлденмен бірге жалдамалы пәтерге көшті. Кейінірек жалғызбасты анаға тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасаған. Әрине, әдеттегідей ақша мәселесі пайда болғанға дейін бәрі жақсы болды.

«Ол әкесінің қатерлі ісікпен ауыратынын және ота жасату үшін ақша жібергенін айтты. Мен ер адаммен тұрып жатқан кез-келген әйел ретінде оның жағдайын түсініп, керісінше оған ақша беруді шештім»,- дейді альфонсқа алданған келіншек. 

Ер адам Қытайдан косметика жеткізумен айналысқан көрінеді. Содан бизнесін жүргізу үшін Гүлденнен қарызға ақша сұраған. Сондай-ақ, оның косметиканы жеткізуден бөлек басқа да іскерлік келісімдері болған екен. Жарты жыл ғашығымен бірге тұрған Гүлден осы бизнестің бәріне шамамен 6 миллион теңге беріпті.

Жалғызбасты ана жігітіне көмек көрсету үшін 10 жыл бойы жинаған депозиттегі ақшасын шешіп беріп, қалғанын несие алып тауып берген. Ал жалғызбасты ананың мойнына отырғанымен қоймай, оны белшесінен қарызға батырған еркек ақшаны қайтаруға асықпаған. Ақыр соңында, не ақша жоқ, не өзі жоқ, ізім-ғайым жоқ болып кеткен.

«Екі жерде жұмыс істеп, ұлымды өзім асырап, тәрбиелеген соң, мен үшін бұл ұят емес. Мен әділдік орнағанын қалаймын. Басқалары да мен секілді алданып қалмаса екен деймін. Мүмкін, ол қазір басқа қыздарды осылай алдап жүрген шығар. Мұндай адамды жазалау керек деп ойлаймын»,- дейді Гүлден көзіне жас алып.

Сөйтсе, ол альфонсқа алданған басқа да жәбірленушілер бар болып шықты. Күдікті альфонсқа тағы екі қыз алданып, тіпті одан балалы болыпты. Заңгерлердің сөзінше, құқық қорғаушылар мұндай жағдайда бірден қылмыстық іс қозғау керек болған екен. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр