Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Уэльсте жерлеу рәсімі кезінде шатасып порнофильм көрсетілген

Уэльс астанасы Кардиффеде Саймом Льюис пен оның жаңа туған ұлын жерлеу рәсімі кезінде үлкен экраннан солар жайлы роликтің орнына порнографиялық фильм көрсетілген. Қатты дауыспен көрсетілген фильмді 4 минут бойы өшіре алмаған.

brodude.ru_26.12.2014_w4J450P9DQckW

Бұл туралы The Daily Mail хабарлайды.

Қайтыс болған Уэльс тұрғындары Жаңа қала маңында жол апатына ұшыраған болатын. Тірі қалған жары мен қызы да сол көлікте болған екен.

Жерлеу рәсіміне 100-ден аса адам келген. «Дін қызметкері Саймон жайлы роликті қосудың орнына, порнофильмді қосып жіберді. Ол бәрін жайластырған соң, бәрінен Кардиффа Кеңесі атынан кешірім сұрап, 30 жыл бойғы жұмысы кезінде мұндай ластық әрекеттің бірінші рет орын алғанын айтты», – дейді келушілердің бірі.

Жерлеуге қатысушылрдың ешқайсысы фильмді өшіруге байланысты техникалық мүмкіндіктерді білмеген.

Кардиффа Кеңесі болған оқиғаның мән-жайын анықтайтынын айтты.

Талқылау