Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үйде қалың киініп жүрміз": Қостанай облысының тұрғындары үйінде суықтан бүрсіп отыр

Арқалық қаласының тұрғындары үйінде бүрсіп отыр. Себебі дәл күн суытардың алдында жылу беру тоқтатылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Үйде қалың киініп жүрміз": Қостанай облысының тұрғындары үйінде суықтан бүрсіп отыр

Қала тұрғыны Жұмагүл Нұрханқызының сөзінше, бүгінде үйде қалың киініп жүруге мәжбүр. Себебі жылытқыш қосылған бөлмеден басқасының бәрі суық.

«Осы аптаның басынан бері күн суып кетті. Соның әсерінен үйдің іші де суық. Өйткені біп апта бұрын жылуды өшіріп тастаған еді. Үйде қалың киініп, балаларды да қалың киіндіріп жүрміз. Түнде қар жауды, әлі де жауып тұр. Жылытқышты қосып отырмыз. Соның өзінде бір бөлме ғана жылы. Басқа бөлмелер өте суық», - дейді Жұмагүл Нұрханқызы.

"Үйде қалың киініп жүрміз": Қостанай облысының тұрғындары үйінде суықтан бүрсіп отыр

Ал қала басшылығы жылудың тоқтатылуы барлық ережеге сай екенін айтып отыр. Жылудың тоқтатудың алдындағы күндері тәуліктік орташа ауа температурасы 10 градустан жоғары болыпты. 

"Үйде қалың киініп жүрміз": Қостанай облысының тұрғындары үйінде суықтан бүрсіп отыр

Әкімнің орынбасары Дархан Хамзиннің сөзінше, жылудың тоқтатылуына екі нәрсе себеп болған. Біріншісі – тәуліктік орташа ауа температурасы, екіншісі – қымбат тұратын мазутты үнемдеу. Себебі Арқалықтағы ЖЭО аталған отын түрімен жұмыс істеп отырған мемлекеттегі жалғыз орталық.

Талқылау