Басы дауға қалған өзбекстандық әнші Қазақстанға қашып кеткенін жоққа шығарды

Дүйсенбі, 8 Ақпан , 2016 23:37

Ашық түрде сурет пен видеоға түсті деп ел сынына іліккен өзбек әншісі Тамила оқиғаға қатысты өз ойын айтты.

«Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары! Сіздерді жиіркенішті видеоның, фотоматериалдардың менің қатысуымсыз болғанын түсінсе екен деймін. Бұған дейін бұл материалдардың қолдан жасалғаны белгілі болды. Бұл туралы менің продюсерлік орталығыма берген мәліметінде сарапшылар айтқан болатын. Қазіргі уақытта мен сүйікті қалам, Ташкенттемін. Өздеріңіз көріп отырғандай мен ешқайда кеткен жоқпын. Ал, мен туралы теріс пиғылды адамдарға айтарым, мен ешкімнен қашқан жоқпын. Дәл қазір мені қолдап, түсіністік танытқандарға алғысымды білдіргім келеді», – дейді әнші Тамила бейнебаянда.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ өкілдері Тамила атымен танылған әнші Эсмеральда Рахматованың ашық түрде видеороликке түскені жайлы және Инстаграмдағы аккаунтын өшіріп Өзбекстаннан Қазақстанға кетіп қалғаны жайлы хабарлаған болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар