Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұялы телефонның ойынына берілген әйел ауласына кіріп келген аюды да байқамаған

Флорида штатында тұратын Телийс Сандер өз үйінің ауласында отырып ұялы телефонның ойынына беріле кіріскен. Ал экрандағы барлық шаруаны “шешіп” тастап, алдына қараған сәтте, қарсы алдында тұрған аюды көреді.

1472826777_zhenschina-zaigralas-v-telefon-i-ne-zametila-medvedya-vo-dvore-ee-doma

Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.

Аюдың әйелге тым жақын келгені соншалық, ол жыртқыштың алған демін де сезіп тұрған.

Осындай қауіпке қарамастан, ол аюды суретке түсіріп алып, үйдегі ұлына смс жазып жібереді. “Маған көмектес” деген хабарламаны көрген ұлы алғашқыда әзіл деп түсініп, кейін жағдайдың шынында да қауіпке толы екенін сезеді.

Оқиға орынына келген полицейлер аю адамдармен бұрын да араласып жүрген деп есептейді. Тіпті оны біреу-міреу үйде де ұстаған болуы мүмкін. Сол себепті жыртқыш адамдарды жат санамайды екен.

Талқылау