Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұялы телефонды “асқан шеберлікпен” ұрлаған қылмыскер камераға түсіп қалған

Астанада ұялы телефонды “асқан шеберлікпен” ұрлаған қылмыскер бейнекамераға түсіп қалған.

00

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Балалар дүкеніне кірген тұрғын тауар таңдап жүрген кейіп танытып, сатушының басқа клиенттерге кеткенін күтеді. Содан кейін білдірместен, тура сатушының үстелі үстінен оның телефонын ұрлап кеткен.

Естеріңізде болар, Ішкі істер министрі 65 пайыз ұрлықтың жартысына жуығы осы телефон ұрлау екенін айтқан. Қолды болған техниканы табу да қиын, себебі елге тасымалданатын  контрафактілік телефондар көп. Ал, бұдан былай 100 мыңның телефонын 10 мыңға сатып алған адам техниканың ұрланғанын автоматты түрде білген болып есептелмек.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде ұялы телефонды қуаттау мүмкіндігі бар аялдамалар салынды

Ақтөбелік террористер ұялы телефон саудасымен айналысқан

“Алау” тобы ұялы телефонға түсірген бейнебаяндарының тұсауын кесті (видео)

Алматыдағы жергілікті полиция бастығы тұрғындарға ұялы телефонының нөмерін берді

Талқылау