Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұялы байланысты бәсеңдететін құрылғыны өшірдік: Талапкерлер бірінші күні ҰБТ-ны қалай тапсырды

Бүгін ҰБТ-ның алғашқы күні талапкерлердің алғашқы легі тест тапсырып шықты.

Фото: Болат Шайхинов

Тестілеу уақыты 3 сағат 50 минутқа созылды.

“Бәрі жақсы болды. Біздің аудиторияда шпаргалка, телефон қолданған адамды өз басым байқамадым. Бірақ амалын тапса, қолдануға, көшіруге мүмкіндік бар”, — деп күлді Артем есімді түлек.

Ол Еуразия ұлттық университеті базасындағы пункінде тест тапсырды.

“Жоғары баллдан үмітті емеспін, шекті балл аламын деп ойлаймын. Сұрақтардың бәрі мектепте оқығандарымыздан келді. Аудиториядағы бақылаушы апай да қатты қатал емес. Бірақ артық қимыл жасауға мүмкіндік берген жоқ”, —дейді Артем.

Артем кей оқушыны металл тексеруден жібермей, 5 рет кейін қайтарғанын айтады.

“Менің қалтамда ештеңе болмаса да, металл детектор “шиқылдай” берді. Сөйтсем, костюмдегі темір ілгектен екен. Сол үшін екі-үш рет өттім. Кіргізерде біраз түлектен шпаргалка, телефон тәркіледі “, — дейді ол.

Екатерина есімді оқушы қыз сұрақтардың оңайы да, қиыны да барын айтты.

“Сұрақтардың жартысы қиын, жартысы оңай болды. “Аспаннан түскен” сұрақтар кезікпеді, бәрі мектепте оқығанымыз. Бақылаушы да тым қатал деп айта алмаймын”, — деді астаналық қыз.

Дәурен есімді талапкер аудиториядағы ұялы байланысты бәсеңдететін құрылғыны өшіргенін айтты.

“Бәсеңдеткішті екі рет сөндірдім, менен басқасы сөндіре алмады өйткені. Шпаргалканы аз көрдім, көбісі телефонды қолданып қалуға тырысты. Телефон қолданған бір-екі адамды көзім шалды. Ал өз басым телефонсыз, шпаргалкасыз кірдім”, — дейді ол.

Дәурен тест сұрақтарының оңай екенін, түлектердің біразы телефон қолдануға тырысқанын алға тартты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау