Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Усэйн Болт: Рио менің соңғы Олимпиадам болмақ

Ямайкалық жеңіл атлет Усэйн Болт 200 метр қашықтықты 19 секундта бағындырғысы келеді. Ол қазіргі таңдағы әлемдегі теңдессіз желаяқ.

4H7G-pCoyed7Fv2Za7qpmA-article

Сурет furfur.me

Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлайды.

«Рио-де Жанейро менің соңғы Олимпиадам болмақ. Егер Бразилия жерінде барлық мақсатымды жүзеге асыратын болсам, тағы 4 жыл бойы мотивациямды сақтап тұру қиын. Олимпиада ойындарының ең үлкен арманым тағы да үш алтын жеңіп алу. 200 метр қашықтықты 19 секундта басып өту менің ең негізгі мақсаттарымның бірі», – дейді Болт.

Осының алдында 29 жастағы спортшы 2017 жылғы әлем чемпионатынан спорттық карьерасын аяқтағысы келетінін айтқан болатын.

Айта кетейік, Усэйн Болт алты дүркін Олимпиада чемпионы.

Талқылау