Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Усэйн Болт 20 жастағы студент қызбен ұсталып қалды (фото)

Тоғыз дүркін олимпиада чемпионы Усэйн Болт 20 жастағы жаңа сүйіктісімен ұсталып қалды.

1406043351_bolt

Фото: xsport.ua

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

20 жастағы студент Джэди Дуарте Болтпен бірге түскен суретін WhatsApp желісі арқылы достарына таратқан. Алайда суретті батыс БАҚ-тары жедел жариялап жіберген.

xw_1295866

Фото: vesti.ru

Суреттер 21 тамызда түсірілген. Ол Рио-де-Жанейродағы түнгі клубтардың бірінде 30 жасқа толған туған күнін атап өткен. Спортшының Кейси Беннетт есімді сүйіктісі бар болатын. Желаяқ Кейсимен бірге түскен суреттерін Инстаграм парақшасында үнемі жариялап тұратын.

Болт Бразилияда өткен олимпиада ойындары кезінде үш алтын медаль иеленді.

Оқи отырыңыздар:

Усэйн Болт: Рио менің соңғы Олимпиадам болмақ

Усейн Болт Рио-де-Жанейрода самба биледі (видео)

Талқылау