Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Устрицалар адамды қалай өлтіреді

Жаһандық жылыну судағы зиянды бактериялардың көбеюіне әсер етуде. Өз кезегінде бактериялар суда тіршілік етушілерді улап, адамдар олардың құрбанына  айналуда.

1425157607_hohotok

Италия және АҚШ ғалымдар тобы вибрион тектес бактериялардың теңіз суының температурасымен, сонымен қатар олардың адам өлімімен байланысын зерттеді. Зерттеу жұмысының нәтижесі Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланған. Биологтар ғылыми қоғамдастық 1958-2011 жылдар аралығында жинаған планктон үлгілерін зерттеген. Су температурасы жоғарылағанда планктондағы бактерияларды салыстырып, ғалымдар өзара байланысты аңғарды. Вибрион тектестердің 40-тан астам түрі бар. Олардың барлығы дерлік асқазан-аш ішек қабынуына, кейде тырысқаққа алып келеді. V. Vulnificus бактериясын жұқтырған адам сепсис, үрпінің қабынып ауруы және жүрек-қан тамырлар ауруларына шалдығуы мүмкін. Ал V. Cincinnatiensis бактериясын жұқтыру салдары – мидың қабынуы мен миқұрт. Лас судан бөлек, бактерия көздері – лас сумен уланған ағзалар.

Балықтарда аурудың жасырын кезеңі 14 тәулікке дейін созылуы мүмкін. Алайда балықты дұрыс әзірлегенде вибриондарды жұқтыру қаупі төмендейді. Асшаяндардың арқасы тез арада қарайып, аяқтары қызарады. Ал вибриозбен зақымдалған басаяқты моллюскалардың денесінің кей бөліктері қараяды. Бірінші кезекте моллюскалар, одан кейін устрицалар – адамдардың вибриоз жұқтыруының басты себебі.

2009 жылдан бері тек АҚШ-тың өзінде вибрион жұқтыру салдарынан жыл сайын 300-ге жуық адам ауруханаға түсіп, 40 адам көз жұмады. 2014 жылғы дерек бойынша, мұндай диагнозбен ауруханаға түскен 10 науқастың 7-еуі моллюскаларды тұтынғаннан кейін аталған дертке шалдыққан. Ал дертке шалдыққандар саны қарқынды түрде өсуде: 2006-2008 жылдарға қарағанда,  2013 жылы вибриозға шалдыққандар саны 43%-ды құраған. Осылайша, Әлемдік мұхит суының температурасы жоғарылаған сайын, бактерияларға қолайлы орта туындап, адамдарға тағам арқылы әсер етуде.

Талқылау