Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұстазын сыйламаған оқушының қылығы желі қолданушыларын шошытты (видео)

Желіде тараған бейнежазба қай өңірде түсірілгені белгісіз. Сабақ үстінде үлкен сыныптың оқушылары тұс-тұсынан шулайды. Бір оқушы мұғалімнің ескертуін тыңдамақ түгілі дауыс көтеріп, қорқыта сөйлейді. Тіпті ұстаздың құқығын “үйретеді”.

Ұстаз бен оқушының қандай жайтқа байланысты түсініспей қалғаны белгісіз. Оқушылар түсірген видеодан қасына келген мұғалімге оқушы бала”Сіздікі дұрыс па? Менікі дұрыс. Қолыңды тарт. Құқығың жоқ” деп шектен тыс ашуланып, мінез көрсетеді.

Мұны көрген желі қолданушылары мұғалімдердің қоғамдағы сыйсыздығы, оқушылардың тым шалқақтауына  әкелгенін жарыса айтуда.

Жіберіп алмаңыз:

stol-okushyАлматыдағы №151 мектеп мұғалімі оқушыларды “ескі әдіспен” жазалауда

 

Талқылау