Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұстаздарды жинаған Бауыржан Байбек оларға 40 ноутбук сыйлады

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек педагогтарды өткен ұстаздар күні мерекесімен құттықтады. Ол келген мұғалімдердің әрбіріне ноутбук сыйлады.

ееппе

“Біздің барлық ұстаздарды өткен мерекемен құттықтаймын. Біз биыл сіздермен ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында кездесіп отырмыз. Осы жылдар ішінде сіздер оқушылардың дамуы үшін көп еңбек еттіңіздер. Олардың алғашқылары мемлекет үшін қызметтер атқарып, ел дамуына үлес қосып жатыр. Сіздердің еңбектеріңіз лайықты бағасын алуы тиіс. Бізге демеуші-компаниялар ұсыныс жасап, сіздердің жұмыстарыңыз аса қажетті болып табылатын мобилді сыйлықтармен қуантқымыз келіп отыр. Әрдайым жайнап, жас болып жүріңіздер!”, – деді қала әкімі.

Оқытушылар да өз кезегінде шаһар басшысына алғыстарын білдірді. Бұған дейін қала әкімі өзінің осы қызметі үшін қанша жалақы алатынын айтқан еді.

Еске сала кетсек, елімізде ұстаздар күні қазан айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді. Бұл мереке 1965 жылдан бері тойланып келе жатыр.

 

Талқылау