Ұсқынсыз қытайлықтың жаңа бет-әлпетін дәрігерлер оның кеудесіне өсіріп жатыр (фото)

Сейсенбі, 18 Сәуір , 2017 13:37

Қытайлық дәрігерлер ұсқынсыз келіншекке жаңа бет-әлпет жасап бермек. Ол үшін жаңа бетті олар әйелдің кеудесіне өсіріп шығарған.

1166

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Хирургтар әйелдің жасушаларын пайдалана отырып, мұрын мен ауыз жасаған. Жергілікті БАҚ мәліметінше операция бір жылдан кейін жасалмақ. Оның жасалу құны шамамен 500 мың юань (72,6 мың доллар). Революциялық операция әйел өмірін өзгертеді деп күтіліп отыр екен.

2107

27 жастағы әйел қытайлық температурасының қатты асқынып көтерілуі салдарынан мұрын, ерін және бетінен екі жасында айырылыпты. Осы күнге дейін ол әзер сөйлеп, тамақтанып келген. Сонымен қатар оның оң қолының саусақтары да жоқ.

Былтырғы жылы ол интернет арқылы өзінің ұсқынсыз кейпімен қалай өмір сүріп келе жатқаны туралы бөліскен болатын. Оның жазбасы қоғам назарын аударған.

646

Осыдан соң көптеген мамандар бетті дұрыстауға қатысты өз ұсыныстарын білдіріпті. Шанхайдағы №9 қоғамдық ауруханасындағы Ли Цин Фэн бастаған дәрігерлер тобы қыздың бетін қалпына келтіру үшін өздерінің инновациялық жоспарларын ұсынған.

Оның командасында бет-жақ хирургтары және басқа да білікті мамандар жиналған. Жоспар бойынша, емделушінің денесінен жасуша алу арқылы оны әйелдің кеудесіне орналастырып өсіреді.

“Оның бетінің бөлігі толықтай жетілмей қалған. Мұрын мен ауыздың ішкі құрылымдарын өңдеу қиынға соғады” дейді дәрігер. Мамандардың сөзінше, дәрігерлер тобы 3D технология көмегімен емделушінің бетін дайындап шыққан.

551

Жаңа бет толықтай дайын болған кезде, оны өз орнына қояды. Емделуші бір жы ішінде хирургиялық операцияның төрт кезеңін өткеруі тиіс. 10 сәуір күні оған алғашқы операция жасалды. Ол 12 сағат уақытқа созылған.

459

Дәрігер Ли Цин Фэннің осы бағыттағы жаңа әдісі 2016 жылы Қытайдың ғылыми-техникалық прогресс саласында екінші орын алған болатын. Олар қазірге дейін осы әдісті 42 емделушіге қолданыпты.

Оқи отырыңыз:

Салмағы 17 келі тартатын 8 айлық қыз дәрігерлер үшін жұмбаққа айналды (фото, видео)

Қатерлі ісікке шалдыққан 4 жасар бала анасын күтіп жатып көз жұмды (фото)

Төсі шектен тыс үлкен ұсқынсыз стюардесса әлемді шошытты (фото)

АҚШ-та әуе компаниясы қызметкерлері емделушісіне асыққан дәрігерді ұрып, ұшақтан түсіріп тастады (фото,видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.04.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар