Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақтың ыңғайсыз қонуынан Ошта 10 адам ауруханаға жеткізілген

 Ұшақ  жергілікті уақыт бойынша таңғы 7:58 де Ош әуежайына қонған. Бортта 153 жолаушы болған.  Әуежай дәрігерлеріне  10  адам қаралған.-деп хабарлайды Sputnik Кыргызстан.

ош222

Ұшақ Краснаярстан Ошқа келіп жеткен. Агенттіктің хабарлауынша  ұшақ қонған кезде ыңғайсыз түскен салдарынан  қанаты мен доңғалақтары зақымдалған. Нәтижесінде алты адам  жарақаттанған.

« Жолаушылардың алтауы ауруханаға жеткізілген. Қалған қорқып қалған азаматтарға психологиялық көмек берілді», – Оштағы  психологиялық денсаулық  орталығының дәрігері Абдрахман Омурзақов.

Ал ауруханаға жатқызылған алты адамның екеуі  үйлеріне шығарылған.

Алты адамның барлығы да Қырғызстан азаматтары екен. Дәрігерлердің айтуынша  аяқ-қолы сынған,қайрылған ешкім болмапты.

Дәрігер Сүлейменовтың айтуынша алғашында пилот та ауруғанаға жатқызылыпты. Араға сағаттар салып үйіне босатылған.

 

Талқылау