Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақтың ұшуын жақыннан бақылап тұрған әйел лайнер екпініне шыдамай көз жұмды

Сен-Мартен жағалауында жаңазеландиялық әйел Юлиана ханшайым халықаралық әуежайынан ұшып шыққан лайнерді бақылаймын деп көз жұмды. Бұл жермен ұшақтар жерге аса жақын қашықтықта ұшып өтуге мәжбүр болады екен.

_96914169_sxm

57 жастағы әйел әуежай қоршауынан ұстап ұшақты бақылап тұрған. Алайда лайгердің қозғалтқышынан шығып тұрған ауа ағыны әйелді жаныштап тастаған. Турист құлап, бетон қабырғаға басымен соғылған. Оны жедел түрде ауруханаға жеткізгенімен, құтқарып қалу мүмкін болмаған.

Кариб теңізіндегі Сен-Мартен жағалауы екі мемлекеттің аумағында – Франция мен Голландияға бөлініп жатыр. Юлиана ханшайым әуежайы мен Махо жағалауы Голландия тарапында. Ұшақтардың ұшуын өте жақыннан тамашалау мүмкіндігіне байланысты бұл жағалаудың танымалдылығы өте жоғары.

Юлиана ханшайым әуежайы әлемдегі ең қауіпті әуежайлардың бірі саналады. Оның ұшып-қону жолағының ұзындығы небәрі 2300 метрді құрайды.

Оқи отырыңыз:

“Қырғызстан аруы – 2013” жеңімпазы көз жұмды

Үш жасөспірім әйелді Фейсбуктегі тікелей эфир кезінде зорлады (видео)

Путин өз өмірі туралы кино көріп отырып ұйықтап кеткен

Қытай 60 сағат тоқтамай ұшатын ұшқышсыз ұшақ шығарды

Талқылау