Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақтан құлап кеткен ұшқышты қолтырауын жеп қойды

Американың Флорида штатында Cessna 152 ұшағынан құлаған ұшқышты аллигатор қолтырауыны жеп қойды.

inx960x640

Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

АҚШ федералды авиациялық басқармасының мәліметіне сүйенсек, құлаған ұшақ балшыққа оранған Эверглейдс аймағынан 6 шілде күні табылған.

Оның қалдығы мен хайуанға жем болған ұшқышты жергілікті WPLG телеарнасының қызметкерлері байқап қалған.

Полицияның мәліметіне қарағанда, Cessna 152 ұшағы жергілікті Air Christian Inc компаниясында тіркелген. Әуе көлігінде Dean International Flight Training & Aircraft Rentals жазғы мектебінің логотипі болған. Ал оның иесі Роберт Дин (Robert Dean) оқыстан қаза болған ұшақтың рұқсат етілмеген рейске шыққанын айтып берді. Оның болжамынша, ұшқыш қараңғыда бағытын жоғалтып алып, құлап түскен.

Ұшқыштың кім екені белгісіз болып отыр. Алайда ол жазғы мектеп студенті Марк Укаере (Mark Ukaere) болуы мүмкін деген болжам бар. Онымен бір бөлмеде тұратын досы Патрик Шедрак (Patrick Shedrack) жексенбі күні Укаерені шіркеуден таппаған кезде бірдеңеден сезіктенгенін айтады. Себебі Марк оқу күндері қолледжге, ал демалыс күні тек шіркеуге барып тұрады екен.

Жіберіп алмаңыз:

Жігіт сүйіктісінің босанғанын көріп, артынша сәбидің әкесі өзі емес екенін біліп қалды

Өз тойына тікұшақпен келмекші болған қалыңдық апатқа ұшырап, ажал құшты (видео)

24 жастағы жас ана арықтауға арналған дәрі ішіп, көз жұмды

“Солай болып қалды”: 13 жастағы оқушы қыз ағасынан бала тапқанын мойындады

Талқылау