Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақтан құлап кеткен ит шөл далада алты күн бойы адасып аман қалды

Ұшу-қону жолағына құлап кеткеннен кейін қашып кеткен ит Атакама шөлінде алты күн бойы адасып жүрген. Ұшақтап түсіп қалғаннан кейін жоғалып кеткен итті желі қолданушылар да, авиакомпания өкілдері мен жергілікті әскери қызметкерлер де іздестірді.

Ұшақтан құлап кеткен ит шөл далада алты күн бойы адасып аман қалды

Бұл туралы Mirror хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Гаспар есімді жануар қожайынымен және оның құрбысымен Чилиде саяхаттап жүрген. Алайда, бойжеткендер Икикиге баруға шешіп, онда жете бергенде жануар тікұшақтан түсіп қалып отыр. Олар иттің тікұшақтан құлап кеткенін жергілікті әуежайға қонғанда ғана білді. Ұшу-қошу жолағында жатқан сынық жүк көтергішті көрген бойжеткен ол жерден итін таба алмай шу шығарды.

Ұшақтан құлап кеткен ит шөл далада алты күн бойы адасып аман қалды

Әуежай қызметкерлері жануар иесіне иттің ұшақты қондыру кезінде әуе кемесінің жүк бөлігінен түсіп қалып, шөл далаға қашып кеткенін айтты.

Осыдан кейін бойжеткен болған жағдай туралы әлеуметтік желіге жазып, оқырмандардан итті іздеуге көмектесулерін сұрады. Жануарды желі қолданушылардан бөлек, әуежай және жергілікті әскери қызметкер де ісдестірді. Алайда, шөл далаға қашып кеткен ит тек алты күннен кейін ғана табылды.

Ұшақтан құлап кеткен ит шөл далада алты күн бойы адасып аман қалды

Ал бөтен біреулерге үйренбеген жануар бұған дейін адамдардан қорқып қашып жүрген көрінеді.
Ақыр соңында, көптеген адамдардың бірлесіп жүргізген іздеуінің арқасында жоғалған жануар табылып, иесіне табысталды. Құтқару миссиясына қатысқан ветеринар алты күн бойы шөл далада адасып жүрген иттің аш және қатты қорқып қалғанын айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау