Ұшақтағы апат кезінде адамдарды аман алып қалудың жолы ұсынылды (видео)

Сейсенбі, 19 Қаңтар , 2016 19:44

Украин өнертапқышы Владимир Татаренко ұшақ апатқа ұшырап, жерге құлаған жағдайда оның салонында отырған барлық жолаушыларды аман алып қалудың жолын ойлап тапты.

 

Бұл туралы IslamNrews.ru хабарлады.

1134
Тапқыр инженер мұны апат орын алған бойда ұшақтан бөлініп шығатын капсуланың көмегімен жасамақшы. Ал лайнердің артқы жағына орналасатын капсуланың ішінде жолаушылар мен олардың жүктері болады.

Өнертапқыш мәлім еткендей, ұшақтың ұшуға бет алуы, ұшып бара жатуы және қонуы сәттерінде орын алып қалуы ықтимал апат кезінде капсуламен бірге бөлініп шығатын әуе кемесі жолаушылардың өмірлерін де сақтап қала алады. Бұған капсуланың жоғарғы жағында тұратын өте мықты парашют көмектесетін болады. Сол парашютке мықтап байланған бөлік жерге немесе суға қалықтап келіп қонады да, ары қарай батпай тұрып қалады.

Конструктор өзінің бұл жобасын дайындау үшін үш жыл уақытын сарп етіпті. Ол осы мақсатта жерге қалықтап келіп қона алатын үрлемелі камераларды да қарастырып көріпті. Сол сияқты парашют жүйесін жеңілірек кевлар мен карбон материалдарынан құрастыруға да біршама бас қатырып көріпті. Бірақ инженердің бір нәрсені – ұшқыштарды аман алып қалудың жолын қарастырмағаны бірден аңғарылады. Ал жұртшылық арасына сұрау салып көргенде, олардың 95 пайызы қанша қымбат болса да, өздерінің қауіпсіздіктері үшін билетті осы ұшаққа алуға дайын екендерін білдіріпті.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар