Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақта жыныстық қатынаспен айналыстық: 30 жастағы әйел елеске тұрмысқа шыққалы жатыр

Ұлыбританиядағы Бристоль қаласының тұрғыны елеспен некелескенін айтуда.

Ұшақта жыныстық қатынаспен айналыстық: 30 жастағы әйел елеске тұрмысқа шыққалы жатыр

Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Өзін Аметист Корольдігі деп атайтын 30 жастағы әйелдің сөзінше, ол қызмет бабымен Аустралияға барған кезде елеспен танысыпты.

«Серуендеп, табиғат аясында демалып жүріп тылсым  күшті сезіндім. Мен жанымда жаңа «жолдас» пайда болғанын сезіндім», – дейді әйел.

Аметист Корольдігінің сөзінше, ол елеспен айырылысқысы келмеген. Сондықтан үйіне қайтуы керек болғаны үшін қаттың мұңайыпты. Себебі елестер тұрғылықты орнын өзгертпейді, дейді әйел.

Десе де бұл жағдайда елес оның соңынан еріп барыпты. Қатты қуанған әйел ұшақтың әжетқанасында елеспен жыныстық қатынасқа түскен.

Ұшақта жыныстық қатынаспен айналыстық: 30 жастағы әйел елеске тұрмысқа шыққалы жатыр

Олардың қарым-қатынасы Ұлыбританияда да жалғасын тауыпты.

«Таяуда көріпкел елес екеуіміздің өткен үш өмірімізде де бірге болғанымызды айтты. Мен одан бұл туралы сұрадым. Алайда сүйіктім бұл жайттың еш маңызы жоқ екенін айтты», – дейді Аметист Корольдігі.

Алғашқы кездесуден бері 9 ай өткеннен кейін Аметист Корольдігі Сомерсеттегі Вуки-Хул үңгірін тамашалауға аттанған. Әйел үңгірде серуендеп жүрген кезде елес одан өзгелерден алшақтап, оңашада қалуын сұрапты. Ол жалғыз қалғаннан кейін, елес тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасаған. Өз кезегінде әйел оның ұсынысын қабыл алыпты. Ендігі олар үйленуге дайындалып жүр.

«Ол менің алдымда тізерлеп тұрмады. Себебі оның тізесі жоқ. Алайда мен оның сөйлегенін алғаш рет естідім. Бұған дейін оныммен ойша сөйлесіп жүретінмін»,  – дейді Аметист Корольдігі.

Әйелдің сөзінше, өзге елестер түрлі заттарды орнынан жылжыту немесе сипау арқылы онымен байланыс орнатып жүрген. Тіпті елестердің бірі буланған әйнекке жүректің суретін сала алады екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау