Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақта теңдеу шешкен профессорды террорист деп тексеріп, рейсті кешіктірген

АҚШ-та экономика саласының профессоры отырған ұшақ тәртіп сақшыларының тексерісіне алынды. Профессер ұшу кезінде қиын теңдеуді шешіп отырған, ал оның жанында отырған әйел азаматтың қылығын терроризм бойынша сызбалар жоспарын жасап отыр деп түсінген.

original

Пенсильвании университетінің профессоры  Филадельфиядан Сиракузыйға бет алған.

Профессор ұшаққа отырысымен қағазға жылдам жазуларды жаза бастаған. Оның қасында отырған әйел бірінші ұшақ қызмектерлеріне денсаулығы сыр беріп жатқанын айтқан. Артынша жанындағы кісінің қылығынан қорқып отырғанын ашық жеткізген.

Араға бірнеше уақыт салып белгісіз адамдар профессордың  немен айналысып жатқанын сұрап, оны тергеудің астына алған.

Оқымысты өзі сызған дүниелерді көрсеткен. Осылайша жолаушыны күдікке алып, тексеріп жүрген кезде ұшақ екі сағатқа кеш ұшқан.

Профессор Менцио жергілікті басылымға берген сұхбатында ұшақ пилотының болған жайтқа байланысты өзін әуреге салғаны үшін қатты ұялғанын айтқан.

Аз уақыттан кейін профессор өзінің «Фейсбуктегі» парақшасына осы оқиға бойынша болған жайтты баяндап жазған. «Мен басымнан мұндай жайт өтеді деп еш ойламаппын. Не де болса  күлкілі жағдай болды. Келіншек менің түсініксіз формулаларды жазып, қалың ойға түсіп кеткенімнен шошыған болса керек»,-деп жазған экономика ғылымдарының профессоры.

Профессор журналистерге берген сұхбатында «Ұшақ қызметкерлері рейсті тоқтатып, жұртты шулатпас бұрын жағдайдың, мәселенің неде екенін анықтап алулары керек еді» деген.

Ал профессордан күдіктенген келіншек бұл ұшақтан сол бойы түсіп қалған. Ұшатын бағыты бойынша келесі рейспен жолға шығыпты.

Талқылау