Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұшақта темекі тартқан азамат тоғыз жылға түрмеге жабылды

2015 жылы британиялық Джон Кокс ұшақтың дәретханасында темекі шегіп шу шығарған. Бастапқыда ол 4,5 жылға сотталған, кейін бұл жаза екі есеге ұлғайтылды.

2fa8f6b6da953cc789bd836bc7f3457d__1440x

Аппеляциялық сот прокурордың алғашқы жаза тым жеңіл болып кетті деген ұйғарымымен келісіп, жаза мерзімін 9 жыл 6 айға көбейтеді.

Оқиға 2015 жылы болған. Бирмингемнен Египетке бет алған ұшақ командирі төтенше сигнал беріп, жақын жердегі әуежайға қонуға рұқсат сұрайды. Бұған бортта 46 жастағы Джон Кокстың жасаған өрті себеп болған. Ол ұшардың алдында арақ ішіп, ал бортқа мінген соң темекі шегіп жанжал шығарған.

200 жолаушысы бар, жерден 10 мың метр биіктікте, Египет жағалауынан 160 шақырым алыста ұшып бара жатқан ұшақтың экипажы дәретханадағы өртті сөндіре алмай жатқандарын айтып, капитанға хабар береді. Ақырында экипажға өрт сөндіру тобында жұмыс істейтін жолаушы көмекке келіп, ұшақ аман-есен қонады. Ал қаңтар айында өткен сот кезінде Кокс өзінің әрекеті арқылы қаншама адамның өміріне қауіп төндіргенін мойындайды.

Оқи отырыңыз:

87 жастағы әжей немерелерінің қарсылығына қарамай парапланмен ұшты (видео)

Қытайлар қазақтың киіз үйінің қыр-сырын меңгеруге құмартып жүр

Жұрт сыртынан тамашалап тұрған теңіз арыстаны қыз баланы су астына сүйреп әкетті (видео)

Ғалымдар себебін түсіндіріп бере алмаған жұмбақтар

Талқылау